Тәпсір тұнығы (кітап)
Тәпсір тұнығы (кітап)

Алла Тағаланың адамзат баласына берген теңдессіз сыйы, таусылмас нығметтерінің бірі – қасиетті Құран Кәрім кітабы. Сондықтан да, өркениетіміздің өзегі, мәдениетіміздің мәйегі болған қасиетті Құран үкімдерінен үлес алу әрбір мұсылманның міндеті болып табылады. Осы орайда, сыры мен сипатын бүккен Құран аяттарының ақиқатын қалың бұқараға тәпсірлеп беру білікті дін мамандарының ғана қолынан келетіні белгілі. Содан да болар, қазақ тілінде жарық көрген тәпсір кітаптарының саны саусақпен санарлық қана.

Қазақ халқының діни кітапханасын толықтырған сондай кітаптардың бірі – жақында жарық көрген «Тәпсір тұнығы». ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти, «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қаламынан туындаған тағылымды кітаптың талай жанға рухани азық болып, діни білімін толықтырары сөзсіз.

Аталмыш кітаптың  таныстырылымы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып өтті. Кітап авторының келелі уағызымен сусындап, көкейдегі сұрақтарына жауап алған мешіт жамағаты үшін кешегі күн осылайша олжалы болды. Таныстырылым соңында мешіт жамағатына «Тәпсір тұнығы» таратылды.

Кітапты жүктеп алу

muftyat.kz

 

Достықбек АдалбекДостықбек Адалбек
9 лет назад 11201
3 комментария
О блоге
Прямой эфир