АЛАШТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН "ҮНДІСТАН 1" АРНАСЫНА АРНАУЫМ
АЛАШТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН "ҮНДІСТАН 1" АРНАСЫНА АРНАУЫМ

АЛАШТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН "ҮНДІСТАН 1" АРНАСЫНА АРНАУЫМ

Бір елдің есі кеткенде киесі де бірге кетеді. Уа, «Қазақстан 1», «Қазақстан 1!». Сен туғанда алаштың қанын, қазақтың намысын оятып, келер ұрпаққа асыл аманатымызды тұтастай тапсырады деген сенімде едік. Ел алдына көлбеңдетіп адам емес, ит екеш иттің өзін бірнеше жыл бойы үргізіп көрсете берсең аңқау халық оны да жұлдыз санайды. Ал сен бірнеше жылдан бері үндінің сенімі мен салтына тұнған сериалды көрсетіп келесің. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер» енді мынау жас ұрпақты қандай күйге түсірдің? Асыл аманат ұмытылды, ұлттың жайқалған қамысы өртеніп, намысы күйіп, жалыны сөнді. Елімізде қазақтың ділі мен дінін ұстанып қалған ауыл қазақтары еді. Ал олар сенің жанашыларың еді. Енді міне сенің үнді жарнамаң арқылы ұрпақтың санасы үндіге айналды. Ат төбеліндей айналдырған он бір миллион қазақты жиырмаға толтыра алмай жатқанда сен келіп сол қазақты үнді етіп миллиардтан асқан үндінің қай жыртығын жамамақсың? Қалай ғұмыр кешсең солай өлесің деген хадисте. Ертеңгі ұлы махшарда мына қазақ халқының әсіресе сенімі мен дәстүрі үндіге қарай ауған ұрпақтың бар күнәсі сенің мойыңда. Қайран алаштың баласына қалай балта шапқаныңды сонда көресің. Мұсылман ұрпақтың санасын улап, жарасын тырнағыңды сонда білесің. Ағашты балтаның темір басы шаппайды, ағаш сабы шабады. Сен сол сап болдың ғой. Үндіге жақын, ұлтқа жат болдың ғой. Әншейінде елде болмашы бір мәселе болса үлкейтіп «Айтуға оңайыңда» ат ойнатушы ең елге жар салып, ал елдің сенің үнді сериялыңды көріп адасқанда соны айту «АЙТУҒА ҚИЫН» болды-ау! Бұдан былай сені алаштан шығарып атыңды «Қазақтан 1» емес, «Үндістан 1» деп атасам деймін. Өйткені үнді еліндегі кез-келген арна дәл сендей өз ұлтына қызмет ете алмас. Мен сенің сол үнділігің үшін үйдегі көкжәшіктің аузына құлып салып, қылдабайға тастадым. Балаларым көрмес үшін. Ал мына үндінің діліне ауған алаштың жас ұрпағын қайтпекпін?! Жалғыздың үні шықпас болса да бердім саған теріс батамды аумин!

ӘНӘНДИ АҚИҚАТЫ | КАЛЯНИДІҢ ҚАБІРІ

Өйтіп миллиард халық болып жалған мәдениет болғанша, он бір миллион қазақ болып аққудай таза қалғаным әлде қайда артық. Біздің елде ит екеш иттің де өлексесі көмусіз жатпайды ғой. Тіпті "жақсы ит өлімтігін көрсетпейді" деген де сөз бар емес пе қазақта?! Қартайып қайтыс болған шағыңда аруланып жерленбеген соң артыңда көп ұрпақ қалса не, жоқ ұрпақ қалса не?! Міне Кәләниге қайран қалғанға Үндінің "мәдениеті". Көмусіз, жерлеусіз қалған тағы мәдениет. Тағы демекші тағылар әлемінде де мұндай жабайлық болмас. Бұл мәдениет емес, әлемдегі хайуандықтың ең шырқау шегі. Олар ата-анасы қайтыс болып шамасы жетсе өртетеді де әбден өртенген кезде арнайы шоқпармен ата-анасының өртенген бас-сүйегін ұрып, бөлшектейді. "Сүйегіңді" шашайын ба деген осы болса керек. Оған шамасы келмегендер ата-анасын сол күйінде далаға немесе "қасиетті" дүниеде ең лас өзендеріне тастайды. Сол ма сізге мәдениет?! Осы суреттерден кейін де үнді сериалдарын көре ме екен?!

Мақала авторы: Мұхитдин Исаұлы

Достықбек АдалбекДостықбек Адалбек
9 лет назад 6955
2 комментария
  • Ол аз ба, киноның бас актерін шақырдық астанаға,
    Үлгі еттік осындағы үлкен-кіші жас балаға.
    Мәдениеті батпаққа батқан елдің
    Адамын тайраңдаттық бас қалада.

    Ұлттық арна болымсыз сериалдарды тергіледің,
    Қаншама пайдасыз киноларға күнді бөлдің.
    Тәрбиенің ордасына айналдырдың
    Киносын беріп жатқан үнділердің.
    9 лет назад
  • Екеудің әңгімесінен:
    - Біздікілер, "человек паук" секілді жасай алмайды.
    - Олар дамыған - ғой.

    Келіні енесіне қарап:
    - Ананди үшін жүрегім ауырады, - десе,
    немересін алдына алып отырған атасы:
    - Мына балаң үшін қашан жүрегің ауырады? - депті қабағыне түйіп
    -
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир