Fatua.kz сайты ашылды
Fatua.kz сайты ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының электронды БАҚ-ы тағы бір жаңа порталымен толықты.

Бүгін Алматы қаласында наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен пәтуа шығару және сұрақ-жауап бағытында жұмыс жасайтын «fatua.kz» сайтының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Аталмыш шарада алғы сөз алған наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қазіргі таңда ислам дінін заман талабына сай деңгейде жеткізе білу керектігін айта келіп: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымыздың рухани дамуы мен діни сауатын ашу, қоғамдағы өзекті діни мәселелерге де үн қатып, шариғат тұрғысынан пәтуа шығару – Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жұмысты дамыту, бір жүйеге келтіру мақсатында «fatua.kz» сайтын іске қосып отырмыз. Игі іске атсалысып жүрген сайт ұжымына алғысымды айтамын»,-деді.

Іс-шараға Діни басқарамаға қарасты әр өңірдің сайт қызметкерлері қатысып, жаңадан ашылып отырған сайттың құрылымы және жұмыс бағыттарымен танысты.

Айта кетсек, жаңа сайттың техникалық жағынан өзгешелігі – кез-келген компьютерлік, мобильдік және планшет нұсқасына автоматты түрде ауыса алады.

Сонымен қатар, сайттың сұрақ-жауап, пәтуалар, кітаптар, тарих сынды айдарларында мазмұнды мәліметтер қамтылған. 

«fatua.kz», Пәтуалар
Достықбек АдалбекДостықбек Адалбек
9 жыл бұрын 4352
1 пікір
Блог туралы