АЛАШТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН "ҮНДІСТАН 1" АРНАСЫНА АРНАУЫМ
АЛАШТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН "ҮНДІСТАН 1" АРНАСЫНА АРНАУЫМ Бір елдің есі кеткенде киесі де бірге кетеді. Уа, «Қазақстан 1», «Қазақстан 1!». Сен туғанда алаштың қанын, қазақтың намысын оятып, келер ұрпаққа асыл аманатымызды тұтастай тапсырады деген сенімде едік. Ел алдына көлбеңдетіп адам емес, ит екеш иттің өзін бірнеше жыл бойы үргізіп көрсете берсең аңқау халық оны да жұлдыз санайды. Ал сен бірнеше жылдан бері үндінің сенімі мен салтына тұнған сериалды көрсетіп келесің. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер» енді мынау жас...