ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ АҚИДАСЫ (кітап)
Қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан діні – Ислам, шариғаттағы іс-амал мазһабы – ұлы имам Әбу Ханифаның мазһабы. Ал діни дүниетанымдық ұстанымы Исламның негізгі қайнар бұлақтары – Құран мен Пайғамбардың (с.а.с) сүннетіне негізделген Сүннет және жамағат жұрты, оның ішінде Әбу Мансұр әл-Матуридидің мектебі болып табылады. Қазақ халқының да ұлттық бет-бейнесі, ділі мен тілі осы идеологиялық мектептің негізінде қалыптасты. Оған айғақ боларлық айшықты дәлелдер жетіп-артылады. Бұхар жыраудан бастап Абай, Шәкәрімге дейінгі ойшылдар мен ақындардың мұраларынан...