Пасха мейрамында сыйға тартылып жатқан жұмыртқа, тәтті нандарды жеуге болады ма?
Сәлеметсіздер ме? Пасха мейрамында сыйға тартылып жатқан жұмыртқа, тәтті нандарды жеуге болады ма? Сәуле. Жауап: Құрметті Сәуле! Жалпы кітап берілгендердің (христиандар мен еврейлердің) сойған (төрт түлік) малдарының еттері, тамақтары мұсылмандар үшін адал болып есептеледі. Доңыз еті бұл ұғымға кірмейді. Ол харам. Дәлелі Құран-кәрімнің мына бір аяттары: الْيَوْمَ أُحِلَّ لَكُمُ الطَّيِّبَاتُ ۖوَطَعَامُ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ حِلٌّ لَّكُمْ وَطَعَامُكُمْ حِلٌّ لَّهُمْ «Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дердің тамағы...