Ассалаумағалейкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ!!!
Біз қазақ алдымен қысылдық, қырылдык, айдалдық, сүргінделдік, сосын, ең соңында, жауларымыз тілегендей болып иманымыз әлсіреп жүректен тақуалық кетіп айырылып шыға келдік.
Тақуалық (кемел иман) дегеніміз компьютерге орнатылған антивирус сиякты елестетсек. Антивирус койлмаған, компьютердің дұрыс болмайтыны сынды ИМАНЫ жоқ елдің ертеңі мен ТАҚУАЛЫҒЫ жок елдің жарқын болашағы болмайтыны анық.
ИМАНДЫ (тақуалық) образды түрде антивирус бағдарламасына теңесек. Енді бұл компьютер мен интернет жағалаған жұртка түсінікті нәрсе деп ойлаймын. Анитивирус бағдарламасын қойғасын, оны үздіксіз жаңалап (обновление, UPDATE) отыруың керексің. Ол дегеніңіз күніне білімімізді арттырып әрбір мұсылманға парз болған бес уақыт намазымыз (артық оқысаныз, нәпіл намаз оқысаңыз, өз еркіңіз) Алламен байланысқа түсу деген сөз.
Алла Тағла құранда: (Мұхаммед ﷺ) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі, дейді. (Анкәбут, 29:45). Демек, ескі версиядағы антивруспен қалсаңыз, оның вирустарды қырғындай алуы екіталай. Ескі версиядағы база жаңа вирустарды танымайтыны сияқты кешегі жиған білімің бүгінгі фитнаны байқамайда қалуы мүмкін ғой. Оны әрдайым жаңалап отырасыз, әр күніңізде білім алу мен әрайым кемелдену үстінде болсаңыз шайтанның әр күнгі айлалы азғыруларына алданбай амандықта боласыз инша Алла. Пайғамбарымыз да (ﷺ) әр күнімізді тек пайдалы іске жұмсауды бұйырып, өткен уақытымыздың желге мінсек жеткізбейтін құнды екенін, әрі екі күні бір-біріне ұқсаған адам бізден емес, мұсылман адам күнделікті бір нәрсені артық білуі керек – деп өткен күндерімізді бір-біріне ұқсатпай біліммен шыңдап, оймен ұштап отыру керектігін бұйырды. ТАҚУАЛЫҚТА (кемел иман) өз-өзіңді үнемі қадағалау керек. Шайтанның азғыруына ілесіп, ИМАН әлсірейді. Мұндайда ИСЛАМИ біліміңізді арттырып, өз ерік-жігеріңізді шыңдап, дұрыс білім алып, ИМАНЫҢДЫ күшейтіп тұруың керек. Алла Тағала баршамызды бір күні келесісіне ұқсамаған өзінің тақуа құлдарынан болуды нәсіп етсін. Әмин.