Авторы: Қажығұмар Шабданұлы
Қажығұмар Шабданұлы – бұл есім қазақ әдебиетінде де, ұлтын сүйгіш әрбір азаматтың көкірегінде де зілмауыр сағыныш арқалаған жанды көз алдыға елестететіндей дәрежеде үлкен салмақпен еске алына бермек. Оның тағдыры мен көрген азабы жайлы, жүрегінің түбінен қайнап шығып шор болып қатып қалған шемендей аңсауы жайлы аз айтылып, аз жызылған жоқ. Ұрпақтың ендігі парызы – марқұмның аруағына дұға бағыштап, артында қалған мұрасын ардақтап, оқып жүру болмақ