Оқи білу, оқығанды миға тоқи білу өте маңызды. Үйренудің де дұрыс тәсілдері, жолдары, амалдары болады. Үйрену әдіс-амалдары, тәсілінің дұрыс болмауы алға басуымызға өзіндік әсерін тигізіп нәтижемізді жоғарлатуға бұғау, тұсау болары шындық. Адам баласы бір-бірын жетектеуге, сүйемелдеуге тиіс. Үйрену туралы өз ойымды айтып оң бағыт-бағдар сілтей алсам менің мақсатымның орындалғаны. Әсіресе толқсыз, толық орта мектеп басқышындағы оқушылар дұрыс үйрену дағдысы болмай қиналатын кезі болады, соларға ой түрткі болсын деп өз ойымды ортақтасуды жон көрдім. Олай болса қандай дұрыс үйрену әдістерін қолданып өзімізді алға басуға жебуге болады? Осы мәселе төңірегінде төменде бірнеше жақтан өз ойларымды айтпақпын:
1. Үйренуде шынайы өнімділікке көңіл болуымыз тиыс. Үйренудің жөны осы екен деп күні бойы кітАптан бас алмай шынайы өніміне мән бермесек ұтылғанымыз болмақ. Бұндай жағдайда біріншіден уақыттан ұтыламыз; екіншіден миымыз шаршайды; үшіншіден үйренуден нақтылы өнім болмайды, нәтиже шықапайды; төртіншіден қалғып-шұлғып отырып үйренгенің өзіңді алдағаның. Тек барысына мән беріп, нәтижеге көңіл аспасақ қалай болғаны.
2. Үйренуде мыйды сергек ұстау өте маңызды. Аз уақыттың ішінде көп нәрсе үйреніп алуға болаы, ол үшін миымыздың ең жақсы қабылдайтын кезін таңдап дәл осы кезде уақытты ұтымды пайдала білуымыз тиіс. Бұл миымыздың ең қағылез сергек, қабылдауы тез тұсы болса керек.
3. Үйренуге отырғанда миымызда басқаша қиял, ой болмауы тиіс. Үйренуде зейін-зердеміз шоғырланбай қиял қуып, ой кешіп кетсек; екі көзіміз ғана кітапта болып қыиялың қияндап, шарықтап кетеді де миыңа ештеңе кірмейді, бұндай үйренуден ештеңе шықпайды. Ата-ана оқушыға тыныш үйрену ортасын жаратып беруі керек.
4. Көңілсіз сәтте үйренуді доғара тұр. Себебі дәл осындай сәтте үйренуге көңіл тартпайды, зауқ соқпайды. бұндайда ең жақсысы, жақсы досыңды тауып шүйіркелсе әңгімелессең көңілдің кірі кетіп көңілсіздіктен арыласың.
5. Тек қана теорияға ден қойып, іс-жүзіндікпен ұштастыруға назар аудармасаң үйренуден ұтыласың. Мысалы үшін қолданылмалы техникада теория мен амалиятты бір-бірінен бөле қарауға болмайды. Амалияттың мәйегі теория екені шындық, назария ісжүріндікке бастаушы, нұсқаушы болады; бірақ іс-жүзіндікпен ұштаспаған теория қиялдағы елес сияқты жалған болып сезіледі. Теориялық білімді іс-жүзіндікке сәйкестре білу өте маңызды.
7. Үйренуге талғампаздық қажет. Басынан түсіп аяғынан бірақ шыққанша шұқшюдың қажеті шамалы; керегімізге жарайтын тұсын таңдап, талғап қабылдауымыз керек. Үйренуге жасандылық танытқаның өзіңді алдағаның.
8. Үйренуге сөзсыз зейін-зердемізді шоғырландырып, мұқият кірісуіміз өте маңызды. Ойың он бөлек, санаң сан бөлек болса ондай үйренуден ештеңе шықпайды; үйренуге шынайы ықылас, шын ниет болмаса ешқандай алға басу, ілгерлерушілік болмайды. Үйренуіміз өзімізді, қала берді ата-анамызды алдау үшін болмауы керек. Ертең бір жетістікке жетем десең шын ниетіңмен, пейіліңмен үйрен.
9. Үйрнуде өлі түрде жаттағаннан, түсініп-ұғынып үйренген миға оңай қонып, есте ұзақ сақталады. Түсінер түіснбестен өлі түрде жаттағаннан көрі, мән-мағынасын ұғып үйренген көкейге оңай қонады, есте берік сақталады.
10. Маңызды түйіндерді естелікке алып отырғанымыз дұрыс. Маңызды деп қаралған мазмұндарды естелікке ала жүрсек қажетті уақытында кітапті аударып-төңкермей ақ тез тауып алуымызға септігін тигізеді.
11. Үйренуде өзімізді саналылыққа баулуымыз керек. Ата-ананың болмаса мұғалімдерімізің тізгіндеуінде керағар түрде сабақ қарауға кіріссек бұның өнімі жақсы болмайды, зорлық-зомбылық арқылы үйренген білім оймызда қалмайды, санамызға сіңбейді; ол тек қана өтеуге тиісті борыш іспеттес болып қалады.
12. Үйренуге де шынайы позиция, дұрыс таным қажет. Үйренуге немқұрайлық танытуға болмайды, үйренуіміз тек құдағи қайтқанша немесе шұғыл түрде болмауға тиыс. Бес саусақты ауызға бір жолда салмай үйренуді деркезінде алып барсақ, басымызға ауыртпалық қиндық туғызбайды, жеңіл келеді. Үйренуіміз жалаң ғана емтиханға төтеп беру үшін емес, ертеңіміз, нұрлы болашағымыз үшін болу керек.
13. Үйренуге қажырлық, алғырлық керек. Үйренуде әр шөптың басын шалып ананы бір шұқып, мынаны бір шұқып сипақтап, үйренуге дұрыс құлық тантпасақ ондай үйренуден оңды нәтиже шықпайды. Назарымызы шоғырландырып тапжылмай отырып, жақсы көңіл күймен үйренсек жұғымды, қонымды болады.
14. Оқулық пен қосымша материалды салыстра үйрену жақсы нәтижеге қол жеткізуімізге септігін тигізеді. Қосымша материалдың түрлері өте көп мысалы үшін бұрынғы емтихан қағаздар, сол оқулыққа қатысты жаңа мазмұндағы еліктемелі сынау қағаздар т.б. материалдар, міне осыларды салыстырып үйренсек өнімі быршама көрнеті болады.
15. Үйрену мен демалысты ұштастыра білуымыз керек. Миды шамадан тыс қатты шоғырландырғанда ми тез шаршайды, қабылдауы әлсрейді; осындай уақытта өзімізді зорлап жалғасты үйрене берсек мидың қабылдауы төмендейді, осы сәтте аздап демалып тынықсақ ми шаршағаны басылады.
16. Өзіңді қор санама. Онекі мүшең сау болса сен қалай пендеден кемсің, егер кемдік болса ол сенің жігеріңнің жасықтғында. Құлшынсаң, талпынсаң барын өзгертуге болады; ол үшін бәріне жетем дейтін асқақ рух пен өзіңе деген сенім болуы керек. Соған жету жолында тер төксең, ізденсең Алла бұйыртса мақсатыңа жетесің.
17. Не үшін деген сұрақты көп қоя біл. Білмеген нәрсеңді достарыңнан, мұғалімдеріңнен, маңайыңдағы білетіндерден кішпейлдікпен сұраудан арланба. Көп сұрап үйренсең ілгерлеуіңе септігі тиеді, жәрдемі болады.
18. Үйренуден қортынды жасай был. Біраз уақыттан кейін үйренуден өзіңе есеп бере жұр. Не түсіндім, не білдім, нәтиже қандай, ілгерлеушілік барма жоқ па? Барін қортындылай біл.
19. Әр адамда өзіне тан үйрену тәсілі болады. Өзіңе тән, жаның дұрыс деп қалаған үйрену тәсілін қолдан. Бұл амал сөзсіз сенің алға ілгерлеуіңе шынайы кепілдік бере алатын болсын.
20. Үйрену жоспарың болсын. Алдағы күндеріңде не істейсің, қалай дайндаласың өзіңде қағаз бетіне түсірген жоспарың болсын, әрі сол жоспарды іске асыруға шынайы әрекет ет.
Дарын, таланытқа байланып қалған ештеңе жоқ. Талантың тасып, асып тұрмасада, талықпай-жалықпай үздіксіз іздеу, іздену, құлшынысың арқылы нағыз талант иелері бағындырған биік белесті сенде бағындыра аласың. Эйнштейн айтқандай《талант 99% қан-термен, 1% шабыттан келеді》деген дұрыс үйрену дағдысын қалыптастырып, құлшына үйренсек армандаған нәтижеге қол жеткізуіміз әбден мүмкін. Өмыр екі келмейді, алаулаған жастық шақты шексіз білім, ғылым, өнер үйренуге жұмсауымыз керек, жастық шақ мидың ең өткір, алғыр тұсы осы уақытты бос жіберіп алмай өз тағдырымызды өзгерту жолында шынайы құлшыныс жасай білейік.
-Ғалым Қабдоллаұлы
Бұл айтылғандардың барлығы дүниелік істерге байланысты сияқты болғанымен, бұны ақыреттік азық (сауапты амалдар) жинауғада ниетімізді дұрыстау арқылы (Алла разылығы үшін) қолдана білетін болсақ ИншаАлла көп о дүниеде де бү дүниеде де табысқа жетерімізге сенімім кәміл.