Алла Елшісінің (ﷺ) бір хадисінде: «Достыққа әрбіріңіз жіті мән беріңіздер. Кіммен доссыз? Бұл айтылғанға қарағанда дінің үшін және дүниең үшін де бір дос ізде».
Жақсы достың дін істеріндегі пайдасын былай айтуға болады:
- Ілім үйретеді немесе үйренеді.
- Жасалатын ғибадат істерінде жәрдемші болады.
- Ақыретте шапағатшы болады.
- Жақсы достың арқасында жақсы бір мәртебеге, дәрежеге жетеді.
- Жақсы доспен адам өзін жайлы сезінеді, қиыншылықтары жойлады, халықтың салт-дәстүрін үйренеді.
«Уағызшылардың інжу-маржаны» кітабынан