Пайғамбар медицинасы: Басыңыз ауырса...
Пайғамбар медицинасы: Басыңыз ауырса...

Бас ауруының себептері:

Бас ауруы – ағзаның әр түрлі патологиялық халдегі ауырсыну сезімінің сипаттамасы. Негізгі себептері: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.), жұқпалы аурулар, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы, алысты көре алмау, отит, т.б.), улану,  ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналин, гистамин, т.б.) заттардың шамадан тыс көбейіп кетуінен де болады.

Бас ауруының сипаттамасы:

Қан айналу жүйесінің қызметі бұзылғанда (гипертониялық аурулар, гипотония, бас сақинасы — мигрень) миға қан біркелкі келмейді де, бас сырқырап, солқылдап және тырысып ауырады. Басы ауырып отырған адамның мазасы кетеді, мойын бұлшық еттері құрысады. Маңдай, самай, төбе аймақтарынан ауру сезімі үшкіл нервтер, ал шүйдеден — кезбе, тіл-жұтқыншақ жүйке жүйелері және мойын өрімдері арқылы беріледі. Бас ауыру белгісінің күші ми бөлігінің қызметтеріне, әр адамның табиғи жаратылысына, атап айтқанда, ауру сезімін қабылдау деңгейіне де байланысты болады.

Бас ауруы және заманауи медицина:

Бас ауруының түрі қаншалықты көп болса, емдік жолдары да соншалықты көп. Мәселен, үй жағдайында жүйкенің жұқаруынан, шаршау-қалжыраудан, вегативті жүйке тозудан болған бас аурулар жайлы демалыстан, ұйқы және тамақ тәртібін ретке келтіруден қайтуы мүмкін. Заманауи медицинада ауруды жеңілдететін, қойдыратын түрлі тәсілдер, фармакологиялық құралдар да қарастырылған. Салқынды, суықты, сүлікті, қыша қағазын, таңғышты, жылы ваннаны, душты, массажды пайдалануға да болады.

Бас ауруы және Құран

Сөзсіз адам үшін Құранда шипа бар. Алла Тағала Құранда: «Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі  нәрселерге шипа және имандылар (мүміндер) үшін жолбасшы (тура жолды ұстануға басшылық) әрі мейірім (Құран) келді» дейді. («Юнус» сүресі, 57-аят). Құрандағы дем салу аяттарын да аурудың бетін қайтаруға пайдалануға болады. Дем салу – науқас адамға Құран аяттарымен немесе сахих хадистерде келген  дұғаларды оқып дем салу, яки ауыратын жерге қолды қойып оқу деп түсіндіріледі. Бұл -  Құран және сахих хадистермен орындалса,  Алланың қалауымен пайдалы болады. Оның ең қарапайым түрі ретінде: «Фатиха» сүресін 7 рет оқуды немесе «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін 3 реттен, «Аятүл-Күрсіні» 1 рет оқуды айтар едік.

Бас ауруы және сүннет

Ибн Мәжаһтың хадистер жинағында Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бас ауырған жағдайда (басына) қына қойып: «Алланың қалауымен, бұл бас ауруға көмектеседі» деп айтқандығы келтірілген. Сондай-ақ, Ибн Аббастан жеткен хадисте Пайғамбарымыздың мұндай жағдайда басын орап, байлап тастайтындығы айтылады.

Қынамен емдеу – осындай әдістердің сүннетте келген нұсқасы. Егер бас ауруының себебі – қабыну болса, ең дұрыс тәсіл – қынаны таңғышпен (тампон) пайдалану. Себебі,  қынаның бойында қайталанбас нығайтқыш, бырыстырғыш қасиет бар. Ол жүйке жүйесіне де, ағзаларға да әсер етеді.

Бұхаридың «Тарих» кітабында және Әбу Дәуіттің жинағында Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бас ауруға шағымданған адамға: «Хиджама жасат», аяғының ауырсынуын айтқан адамға: «Қынаны қолдан!» деп айтқандығы жазылған.

Сонымен қатар Тирмизидің кітабында Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызметшісі Салма умм Рафилдің: «Пайғамбар қандай да бір жарақат алса (кесілген, түйрелген, жарылған) міндетті түрде қына жағатын» дегендігі айтылады.

Қынаның пайдасы

Қынаның басқа да артықшылықтары: күйік шалғанда көмектеседі, қынамен жасалған таңғыштар (тампон) жүйке жүйесіне оң әсер етеді, қына сағызының ойық жараға, мерезге (язва) және ауыз қуысының іріңдеуіне пайдасы бар, плеврит (өкпе қабының талаурауы) кезінде тазаланған балауыз және итмұрын майына араластырып қолдануға болады. Сондай-ақ, шешек ауруына қарсы пайдаланылады.

www.asylarna.kz сайтынан алынды.

Достықбек АдалбекДостықбек Адалбек
2 года назад 17309
3 комментария
О блоге