АЛА ЖІПТІ АТТАМА (кітап)
АЛА ЖІПТІ АТТАМА (кітап)

Ала жіпті аттама

-

Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзаттың ең бірінші байлығы өзінің жеке құқы болған. Қоғамның бір мүшесі ретінде барлық адам баласы өзінің осы дүниеде бегілі бір құқыққа ие, өмірден алатын өлшемді ақысы бар. Адам құқының қорғалуы бүгінгі күннің басты мəселесі десек қателеспеген болар едік. Ислам дінін ұстанған еліміздің Конституциясы да «Қазақстан Республикасы өзін – демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бас-талып, алдыменен адам құқының қорғалуына мəн береді. Ендеше, қасиетті Құран жолын өмірінің негізі етіп, Ата заңына бағынатын иманды азаматтар қоғамымызда кісі ақысының аяққа тапталуына жол бермеуі тиіс. Бүгінгі таңда елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен қалтаны қалыңдатар парақорлыққа қарсы мемлекеттік дəрежеде күрес жүргізіліп жатқаны баршамызға аян. Бұл өз кезегінде мұсылманмын деген адамға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Адам құқығын қорғауда бұрын-соңды Ислам дініндегідей кешенді жүйе өмірге келген емес. Осы орайда қоғамда əділдіктің орнауына Ислам дінінің қосар үлесі орасан зор. Бұл еңбекті шығарудағы мақсат – жұрт арасындағы кісі ақысының қорғалуына назар аудартып, Исламның бұл тақырыпқа қатысты əмірлерінен халықты хабардар ету. Жаһандануға қадам басқан жалпақ жұрттың тамырын дөп басатын бұл кітаптың маңыздылығы жоғары десек, артық айтпағандығымыз болар. Өйткені адам баласы Ислам діні негізінде тура жолға түседі. Небір қоғам індетін тек Құран ақиқаты ғана түп-тамырымен жоя алады. Адам баласы жаратушы Иемізден имене отырып қана ақыретке кісі ақысын арқалап барудың алдын алады. Шыны керек, бүгінгі таңда елімізде мұндай еңбектер жоқтың қасы. Кітаптың маңыздылығы да сонда шығар. Еңбекті жазу барысында негізінен араб, түрік əдебиеттері пайдаланылған. Себебі жоғарыда айтқанымыздай бүгінге дейін дəл осы тақырыптар төңірегінде ана тілімізде ислами еңбектер жарыққа шыға қойған жоқ. Сол себепті мұсылман ғұламаларының бірнеше жылдар бұрын жазған еңбектерін қажетімізге жаратуды жөн көрдік. Кісі ақысы туралы кітапта жан-жақты талқыланатындықтан, «құқық» ұғымын Құран мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) нұсқауы бойынша белгіленген заңдар жүйесі негізінде адам баласына ортақ қарым- қатынаста, іс-əрекетінде сақталуға тиіс ортақ адамгершілік өлшемдер деп айтсақ қателеспейміз. Діннің қоғамдағы бір қызметі – құндылықтарды жеткізуі. Дін тек қана Аллаға ғибадат ету мен мына дүниеде сауап жинау ғана емес. Діннің осы дүниелік пайдалары елдің кемел жарастығының сақталуы мен жаратылыстың парасатындай болған əділеттің орнауы. Адамдар арасын жарастыру, байлардың кедейлерге қарайласуы, ата-анаға қарсы шықпау, басшыға бағыну дегендер соның көрінісі. Кісі ақысына қатысты Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінің бір шоғырының өзі байыбына бара білген кісі үшін заң ғылымы мен мораль, пəлсапа мен əлеуметтанудың том-том кітабына негіз боларлық құндылықтар. Бүгінгі мұсылмандардың бет-бейнесі қандай болуы керек? Кітап осы сұраққа аят пен хадисті ұштастыра отырып дəлме-дəл жауап беруді мақсат тұтады. Кітаптың негізгі тұшымды ойы «мұсылман өзгелерге қолымен де, аузымен де зиян келтірмеген адам» деген хадиске саяды. Баласын «ешкімнің ала жібін аттама» деп тəрбиелеген атам қазақ қай уақытта болмасын кісі ақысына үлкен мəн берген. 

Кітапты жүктеп алу үшін басыңыз. 

 

Достықбек АдалбекДостықбек Адалбек
2 года назад 1271
2 комментария
О блоге