Періштелерге және пайғамбарларға иман (кітап)
Періштелерге және пайғамбарларға иман (кітап)

Пайғамбарларға иман

-

Ұлы Жаратушы иеміз адам баласын ең кемел əрі көркем бейнеде жарата отырып, оны сансыз нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің қадірін түсіндірсін, адамның əрібүкіл болмыс атаулының жаратылыс мақсаты мен сырларын ұғындырсын деп əр қауымға өз елшілерін жіберіп отырған. Осы орайда пайғамбарлар – адамзатқа əр нəрсенің өзіндік мəн- мағынасы мен міндеті бар екенін, бекерге жаратылмағанын аңғартатын тəлімі мол ұстаздар. Бізді қоршап тұрған жаратылыстарды танып-біліп, Ұлы құдіретке бас июге шақырушы ардақты асыл тұлғалар да осы пайғамбарлар. Ендеше, он сегіз мың ғаламға үздіксіз пайғамбарлар жіберіліп тұрғандығын Ұлы Жаратушының өз құлдарына ұсынған сыйы мен шексіз мейірімінің көрінісі деп түсінген жөн. Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету – олардың адамзатқа арнайы таңдалып, елші етіп жіберілгендігіне əрі жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену деген сөз. Сондықтан əрбір мұсылман баласының пайғамбарлар туралы біршама түсінігі болғаны жөн. Осы тұрғыдан алғанда, оқырманға жол тартып отырған «Пайғамбарларға иман» кітабының берері көп. Кітап «пайғамбар» сөзінің шығу төркінін, «расул» мен «нəби» ұғымдарының айырмашылығын көрсетіп, пайғамбарларға тəн турашылдық, сенімділік, ерекше зеректік, күнə атаулыдан пəктік (исмəт) секілді аңтаңгер қасиеттерді жеке- жеке түсіндіреді. Бұған қоса кітапта алғашқы пайғамбар Адамнан (ғ.с.) бастап, соңғы елші Мұхаммедке (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) дейінгі аралықта келген, Құранда есімдері аталған пайғамбарлар жайлы біршама мəліметтер жинақталған. Алайда кітап пайғамбарлар туралы жалпы түсінікті қалыптастыруды ғана мақсат еткендіктен, толық əрі жан-жақты мағлұмат беру көзделмегенін де айта кеткен дұрыс. Сонымен қатар еңбекте уахи, оның түрлері, мұғжиза, Миғраж мұғзижасы, айдың қақ бөлінуі, керемет, мұғжизаның кереметтен жоғары тұратындығы, жаратылыс заңдылықтарына кереғар кейбір ғажайыптар, ирхас, мəғунəт, истидраж, иханəт, секілді т.б көптеген діни ұғымдардың мəні талданады. Жалпы алғанда, адамзат пайғамбарларға қарап бағыт түзеп, бағдар алуы тиіс. Өйткені олар – əрбір істе қайталанбас үлгі, ізгіліктің биік шыңы, адасқанға жол сілтейтін жарық жұлдыз. Қолдарыңыздағы кітап асыл дінімізге бет бұрып, өздерінің негізгі темірқазықтарын жаңа тауып жатқан мұсылман бауырларымыздың рухани кəдесіне жарап жатса, нұр үстіне нұр болар еді деген ниеттеміз. Автордан

 Жүктеу үшін басыңыз.

 

Періштелерге иман

-

Әуелден күллі мадақ – бастауы мен соңы жоқ Ұлы жаратушы Аллаһ тағалаға ғана тән! Ал Хақтың сүйген һәм бүтін жаратылысына сүйдірілген құлы хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сансыз салауатқа лайық! Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – рухани азғындық. Бұл тән саулығын ғана күйттеп, жан саулығына жүрдім-бардым қараудың салдарынан туындап отыр. Ал жанның саулығы – иман- нан екені белгілі. Ал иман – исламның алты негізіне (Аллаһ тағаланың бар екендігі, періштелер, қасиетті кітаптар, пайғамбарлар, ақырет күні және тағдырға деген сенім) толықтай, зәредей күмәнсіз сенімнен тұрады. Қолдарыңыздағы еңбектің мазмұны періштелерге иман етудің қыр-сыры жайында болмақ. Адам баласының қай кезде де тылсым жаратылыстар жайлы білуге жаны құмар. Періште дегеніміз не? Ол нендей жаратылыс? Қалай жаратылған? Тіршіліктегі міндеті қандай? Саны қанша? Ерекшеліктері қандай? Неше түрге бөлінеді? Міне, осы секілді сан түрлі көкейдегі сұрақтарға жауап ала оты- рып, періштелердің бар екеніне шын көңілмен илану – иманның бүтіндігін құрайды. Иә, Аллаһ тағала ғаламдағы әрбір істі атқаруға арнайы періште жаратқан. Бұл Жасағанның шексіз құдіреттілігі мен ұлылығын ұқтырса керек. Мәселен, атомның айналасындағы әрбір электрондардың айналуы- на, жаңбырдың әрбір тамшысына, жел соқтыру, найзағай ойнату секілді табиғаттың әрбір құбылыстарына, ғаламшарлардың қозғалысына жауапты қаншама 4 Періштелерге иман періштелер бар. Өздеріне міндеттелген осындай ізгі амал- дарды орындау барысында олар таңғажайып ләззатқа бөленіп, үнемі Аллаһ тағаланы ұлықтаумен болады. Кітапшадағы әрбір тұжырым – қасиетті Құран кәрім мен хадистерге негізделіп түсіндіріледі.

Жүктеу үшін басыңыз.

 

Достықбек АдалбекДостықбек Адалбек
2 жыл бұрын 1085
0 пікір
Блог туралы